Алматында бүгін түс кезінде айырбас орындары сатқан АҚШ долларының бағамы, орташа есеппен, 254 теңге болса, сатып алу бағасы 252 теңгені құрады. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сауда нәтижесі бойынша, АҚШ долларының теңгеге шаққандағы орташа бағамы 255,26 теңгеге жетті, яғни, бір күн бұрынғы бағадан 66,88 теңгеге қымбаттады. Долларға шаққанда теңге бағамы шамамен 30 пайызға құнсызданды.
Бейсенбі күні таңертеңгілік ақша айырбастау орындары АҚШ валютасын кешегі бағам бойынша сатқанымен, көп ұзамай оны тоқтатып, бірнеше сағаттан кейін жаңа бағамен сауданы жалғастырды. Бүгін Қазақстан үкіметі теңге бағамын еркіне жібергенін мәлімдеді. Бұдан кейін Қазақстан ұлттық ақшасы екінші күн қатарынан құлдырады.
Кеше АҚШ долларының бағамы 189 теңгеден 198 теңгеге дейін қымбаттаған еді.