Accessibility links

«Ауыл» мен Патриоттар партиясы бірікті


Патриоттар партиясының бұрынғы төрағасы Ғани Қасымов (сол жақта) Қазақстан халқы ассамблеясы ашылуы кезінде. Астана, 6 ақпан 2015 жыл.
Патриоттар партиясының бұрынғы төрағасы Ғани Қасымов (сол жақта) Қазақстан халқы ассамблеясы ашылуы кезінде. Астана, 6 ақпан 2015 жыл.

Қазақстандағы президентшіл екі партия – «Ауыл» партиясы мен Патриоттар партиясы бірігіп, «Ауыл» халықтық патриоттық партиясы деген атаумен жаңа саяси ұйымды дүниеге әкелді. Бұл туралы шешім екі партияның бүгін Астанада өткен кезектен тыс съезінде қабылданған деп хабарлады ТАСС агенттігі.

«Ауыл» халықтық патриоттық партиясының төрағасы болып Әли Бектаев, оның орынбасары қызметіне Толымбек Ғабділәшімов сайланған. Бұл екеуі жақында ғана «Ауыл» партиясы мен Патриоттар партиясын көп жылдан бері басқарып келген жетекшілерін алмастырып, олардың орнына партия басшылығына жаңадан сайланған болатын.

«Ауыл» мен Патриоттар партиялары 2012 жылы өткен кезектен тыс парламент сайлауына қатысқанымен, парламентке өтуге қажетті дауысқа ие бола алмаған. Биыл сәуірде өткен кезектен тыс президент сайлауында бұл екі партия да биліктегі «Нұр Отан» партиясының көсемі, Қазақстанды 1989 жылдан бері басқарып отырған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG