Accessibility links

Шымкент: апелляциялық сот журналисті ақтаған шешімді құптады


"Central Asia Monitor" газетінің журналисі Рамзия Юнусова. Шымкент, 31 шілде 2015 жыл.
"Central Asia Monitor" газетінің журналисі Рамзия Юнусова. Шымкент, 31 шілде 2015 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты Шардара ауданының прокуроры Талғат Сейдуалиевтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, журналист Рамзия Юнусованың пайдасына шешілген алдыңғы сот шешімін күшінде қалдырды.

Апелляциялық шағымында Сейдуалиев биыл мамырдың 25-і күні Central Asia Monitor газетінде жарияланған журналист Юнусованың «Прокурордың миллиондары» атты мақаласындағы деректерді шындыққа сай емес деп тануды сұраған.

Бұған дейін шілде айында Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық соты Рамзия Юнусованың үстінен қозғалған «істе қылмыстық әрекеттің болмауы себепті журналист кінәсіз деп танылсын» деген шешім шығарған.

Талғат Сейдуалиевтің адвокаты Махмут Ақбаев Азаттық тілшісіне сот шешіміне қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Журналист Рамзия Юнусова сот дауына негіз болған мақаласында лауазым иесінің банктен алған несиені қайтармағаны жайлы жазған.

XS
SM
MD
LG