Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Бағыс ауылы – қазақ-өзбек шекарасында орналасқан ауылдардың бірі. Бағыста 200-ден аса отбасында 1200-ге жуық адам тұрады. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы тартылған кезде дауға түскен Бағыс кейіннен Қазақстанға өткен. Алайда шекара келісімі әлі ратификацияланбағандықтан, ауылдағы әлеуметтік мәселелердің кейбірі шешілмей тұр. Бағыс ауылы, 19 желтоқсан 2015 жыл.