Accessibility links

Қамаудағы Ермек Нарымбаев үйқамаққа шықты


Ермек Нарымбаев (сол жақта) сотта тұр. Алматы, 20 қаңтар 2016 жыл.
Ермек Нарымбаев (сол жақта) сотта тұр. Алматы, 20 қаңтар 2016 жыл.

Алматының тергеу изоляторында қамауда отырған азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев үйқамаққа шығарылды. Бұған дейін оның "мойындауы" жарияланған еді.

Алматының тергеу изоляторында қамауда отырған азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев конвоймен үйіне жеткізілді. Бұл туралы белсендінің әйелі Зоя Нарымбаева мен Нарымбаевты жеткізген конвой бастығы хабарлады. Олардың сөзінше, Ермек Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы қамаудан үйқамаққа ауыстырылған. Сондықтан Нарымбаевқа интернет пайдаланып, журналистермен сұқбаттасуға рұқсат жоқ.

Қамаудағы Ермек Нарымбаев үйқамаққа шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:17 0:00
Жүктеп алу

Мұның алдында Азаттық тілшісімен сөйлескен Ермек Нарымбаевтың адвокаты Жанар Балғабаева Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауысқаны туралы түрме әкімшілігінен естігенін айтқан. Адвокат тергеу изоляторына барғанымен Нарымбаевты көре алмаған.

Бұған дейін журналист Гүлжан Ерғалиева Нарымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге қатысты сот бүгін түскі сағат 13.30-да өткенін айтып, «ол [Нарымбаев] шамамен екі сағаттан соң үйінде болады» деген еді.

11 ақпанда Facebook әлеуметтік желісінде Ермек Нарымбаевтың айыбын "мойындауы" жарияланып, жақтастары оны босатуы мүмкін деген болжам айтқан.

Оған дейін 29 қаңтарда Ермек Нарымбаевпен бірге сотталған Серікжан Мәмбеталиннің де Facebook парақшасында көпшілікке арналған үндеуі шыққан. Белсенді «қателік жасағанын мойындайтынын», «бірақ қылмысты әдейі жасамағанын» айтып, ертеңінде апелляциялық шағымы қаралғанға дейін босатылған.

Азаматтық белсенділер Ермек Нарымбаев пен Серікжан Мәмбеталин былтыр қазанда авторы Мұрат Телібеков делінген «Ветер с улицы» кітабының үзіндісін әлеуметтік желіде көшіріп басқаны үшін Алматыда қамауға алынған.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев сот процесі кезінде өздерінің кінәсіз екенін мәлімдеп, істеріне өкінбейтіндерін айтқан.

22 қаңтар күні Алмалы аудандық соты Мәмбеталинге - екі жыл, Нарымбаевқа үш жыл түрме жазасын кескен.

XS
SM
MD
LG