Стамбулдағы Ресейге қарсылық
Стамбулда 27 ақпан күні жүздеген белсенді Ресейдің Қырымды аннексиялауына қарсы наразылық шарасын өткізді. Түркиядағы акция Ресейдің Қырымды басып алғанына екі жыл толуына байланысты өтті. Белсенділер шеру кезінде Қырым татарларының әнұранын айтты. Олар қаладағы Ресей консулдығы ғимараты алдына қара түсті матадан жасалған орам қойды.