«Путин достары» оффшоры
Путиннің баласының "кіндік әкесі" саналатын Сергей Ролдугиннің оффшордағы компаниясына ақша аударудың заңсыз схемасы көрсетілген «Настоящее Время» бағдарламасының инфографикасы. Панамалық Mossack Fonseca заң компаниясының әшкере болып кеткен құжаттарын Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (Organised Crime and Corruption Reporting Project - OCCRP) медиа тобы мен Халықаралық журналистік зерттеулер консорциумы (ICIJ) жариялаған еді. Ол құжаттардан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің де Виргин аралдарындағы бірнеше фирманың акционері болғаны жарияланып кеткен еді.