Азаматтық белсенді Макс Боқаев жер реформасына наразылар туралы
Азаматтық белсенді Макс Боқаев билік жер реформасына қарсы көзқарас-пікірдегі адамдарға уәжін айтуға мүмкіндік беруі тиіс деп біледі. "Өзімді де, өзгені де арандатушы санамаймын. Мысалы, шетелдіктерге ауылшаруашылығы жері сатылмайтыны туралы білемін, оны айтып та, жазып та жүрмін. Бірақ "жер сатылады" деп санайтын азаматтар да бар, мүмкін олар қателесіп жүрген болар, бәлкім, біз білмейтін басқа жайттан хабары бар шығар, сондықтан оларға ой-пікірін жеткізуіне мүмкіндік беруі керек" деп санайды Макс Боқаев. Атырау, сәуір, 2016 жыл.