Назарбаев даулы баптарға мораторий жариялады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексіндегі жұртты наразы еткен өзгерістердің күшіне енуіне бір жылға дейін мораторий жариялады. Елдің бірнеше аймағындағы митингіге шыққан жұрт биыл 1 шілдеде күшіне енуі тиіс кодекстегі "жер сатылады және шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі" деген шарттармен келіспеген. Астана, 5 мамыр 2016 жыл.