Accessibility links

BIRN: Әблязов Белградта екі объектіге иелік еткен


Мұхтар Әблязов.
Мұхтар Әблязов.

Balkan Investigative Reporting Network (BIRN) ақпараттық желісі "БТА Банктің" бұрынғы басшысы, қазір Францияда қамауда отырған Мұхтар Әблязов құпия түрде Белградта концерт-көрме орталығын және қонақ үйге иелік еткенін жазды.

Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының (OCCRP) 7 шілдеде жарияланған хабарламасында Әблязов Belexpocentar және Holiday Inn қонақ үйлерінің бақылау пакетін офшор компаниялары арқылы алғанын жазған. OCCRP өз хабарламасында Әблязов бұл ақпаратты жоққа шығарғанын да атап өткен.

Қазақстандық «БТА банктің» бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов 2013 жылдың жазынан бері Францияның оңтүстігінде Украина мен Ресейдің қаржылық алаяқтық туралы айыптауы негізінде қамауда отыр. Қазақстан билігі Әблязовті "банктің 6 миллиард қаржысын жымқырды" деп айыптап, іздеу жариялаған. Қазақстан азаматтарын экстрадициялау туралы Астана мен Париждің арасында келісім жоқ.

XS
SM
MD
LG