Астана көшелерін су басты
Астананың орталық көшелерін жаңбыр суы басып қалды. Билік жауын-шашынның «аномалды» екенін айтады. Синоптиктер дерегінше, жауын-шашынның бір айлық мөлшері бірден жауған. Биліктің айтуынша, «қала аумағы тез ұлғайып, жаңбыр суы арыққа сыймай кеткен». Сондықтан қазір Астанада суды сорғызып жатыр. Астана, 22 шілде 2016 жыл.