Евгений Танков бостандыққа мысығымен бірге шықты
2014 жылы сот процесі кезінде «шыбынсоққышпен дуэльге шақырғаны» үшін бас бостандығынан айырылған заңгер Евгений Танков бүгін Қарағанды облысы Қарабас кентіндегі түрмеден босап шықты. Түрме қақпасы алдында оны ата-анасы, дос-жолдастары мен журналистер қарсы алды. Тұтқын қапаста қасында болған мысықты да түрмеден өзімен бірге ала шықты.