Accessibility links

Бакуде наразыларды полиция ұстады


Бакуде наразыларды полиция ұстады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:07 0:00

Әзербайжан астанасында сенбі күні Демократиялық күштер ұлттық кеңесі ұйымдастырған кезекті наразылық шеруі өтті. Акцияға қатысушылар қыркүйектің 26-сы күні ел конституциясына өзгерістер енгізуді көздейтін референдум өтуіне қарсылық білдіріп, «Монархияға жол жоқ! Тонау тоқтатылсын!» деп ұрандатты. Билік ұсынған өзгерістер президент өкілеттілігін ұзартуды және кандидаттарға қойылатын жас шектеуін алып тастауды көздейді. Бакудегі наразылық акциясы барысында ондаған адамды полиция ұстағаны хабарланды. Азаттықтың Әзербайжан қызметінің видеосы.

XS
SM
MD
LG