"Еркін сөзде" Қазақстандағы деректі кино өндірісі сөз болды. Бұрын жылына 20-30 деректі фильм түсіріп келген мемлекеттік киностудияның биыл үш деректі фильмді ғана өндіріске жібергені де айтылды. Хабарға кинорежиссерлер Қалила Омаров пен Жаңабек Жетіруов қатысты.