Маңғыстау облысындағы Теңге ауылында 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзен қаласында мұнайшылар наразылығын полицияның күшпен басуы кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасына жүздеген адам қатысты. Құрбан болғандардың рухына құран бағышталып, ас берілді.