Accessibility links

Ресей соты Навальныйді "Кировлес" ісі бойынша айыпты деп тапты


Алексей Навальный, Ресей оппозициялық саясаткері.
Алексей Навальный, Ресей оппозициялық саясаткері.

Ресейдің Киров қаласының Ленинск аудандық соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальный мен бизнесмен Петр Офицеровті "Кировлес" ісі бойынша қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп таныды. Азаттықтың Орыс редакциясының хабарлауынша, Навальный мен Офицеровке қатысты үкім бүгін жариялануы тиіс.

"Кировлес" ісі бойынша 3 ақпанда тараптардың жарыссөзі өткен. Айыптаушы прокурор Навальныйді 5 жыл, Офицеровті 4 жыл шартты мерзімге соттап, әрқайсысына 500 мың рубль айыппұлдан салуды сұраған.

2013 жылы Навальный мен Офицеров шартты мерзімге сотталған. Оларға 10 мың текше метр ағашты жымқырып, Кировск облысының бюджетіне 16 миллион рубль зиян шектірді деп айыпталған. Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты сот үкімін заңға қайшы деп тапқан. Ал 2016 жылы қарашада Ресей Жоғарғы соты үкімді жойып, "Кировлес" ісін қайта қарауға жіберген.

XS
SM
MD
LG