Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов Әмин Елеусіновтің "мойындау" видеосы жайлы
Қазақстан ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов Астананың тергеу абақтысында қамауда отырған кәсіподақ лидері Әмин Елеусіновтің "кінәсін мойындағаны" туралы әлеуметтік желіде тарап кеткен видеоны көрмегенін айтады. Ол тергеудегі адамнан жауап алған кездегі видеоға түсіру тәртібі жайлы айтып берді. Астана, 23 ақпан 2017 жыл.