Мәслихаттар сайлауы туралы ақпарат аз
Наурыздың 26-сында Қазақстан бойынша 58 сайлау округінде жергілікті мәслихаттардағы босаған орындарға депутаттарды сайлайды. Депутаттыққа кандидаттарды тіркеу наурыздың 1-інде (Астана қаласында наурыздың 10-ында) аяқталып, үміткерлер сайлау алдындағы үгіт-насихаттарын бастаған. Саясаткер Әміржан Қосанов билік «сайлауды тыныш өткізуге тырысатынын, ал қоғам сайлауға сенімсіздікпен қарайтынын» айтады.