Украина Қырғызстанға қарсылық нотасын жолдады
Қырғызстанда дипломатиялық дау шықты. Қырғызстан парламентінің екі депутаты, президентшіл фракция мүшелері Марат Аманқұлов пен Ирина Карамушкина Қырымға барған. Олар Қырымға сапарларын Киевке ескертпеген, аннексияланған түбекке Ресей аумағы арқылы жеткен. Мұндай әрекет Украина заңдарына қайшы келеді.