Сирия оппозициясының қарсылығы
Астанада өткен Сирия мәселесіне байланысты келіссөздің соңғы бөлімінде кепіл елдер Ресей, Түркия, Иран делегациялары Сирияда бейбіт тұрғындарға қауіпсіз төрт аумақ құру туралы меморандумға қол қойды. Келісім рәсімінде Сирия оппозициясының бір өкілі орнынан дауыстап тұрып, жиыннан кетіп қалды. Кейін өткен баспасөз мәслихатында Сирия қарулы оппозициясы өкілдері келіссөзге Иранның кепіл ел ретінде қатысуына қарсы екендерін айтты. Астана, 4 мамыр 2017 жыл.