Қызылжарманың қоқысы мен жол проблемасы
Қызылорда қаласы маңындағы Қызылжарма ауылында жеті мың адам тұрады. Тұрғындар билік орындарына ауылды үйілген қоқыстан арылтуды және елді мекенге жол салуды сұрап өтініш-тілек айтып келе жатқандарына бірнеше жыл болғанын айтады. Жергілікті билік өкілі "мәселені шешу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз" дейді.