Accessibility links

Мұғалімнің сотында аудио және видео жазбаға рұқсат етпеді


Гүлжан Сәлімбаева, Нұртас Оңдасынов атындағы №38-мектеп мұғалімі. Шымкент, 5 маусым 2017 жыл.
Гүлжан Сәлімбаева, Нұртас Оңдасынов атындағы №38-мектеп мұғалімі. Шымкент, 5 маусым 2017 жыл.

Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты №38 мектептің мұғалімі, "міндетінен тыс жұмысқа тартылып, директордан қысым көрген" Гүлжан Сәлімбаеваның үстінен мектеп директоры мен орынбасарлары түсірген шағымды қарай бастады. 19 маусым күні кешке басталған сотта судья Қайрат Ізбасаров журналистерге аудио және видеожазба жасауға рұқсат етпеді.

Сотқа жәбірленуші ретінде мектеп директоры Айман Жүсіпова, орынбасарлары Дана Асылбекова, Айжамал Қозыбекова, олардың қорғаушысы, айыпталушы ретінде Гүлжан Сәлімбаева мен оның жақтастары қатысты.

Жәбірленушілер соттан Гүлжан Сәлімбаевадан "ар-намысына тигені үшін моралдық шығын өндіруді" сұраған.

Судья арыз қылмыстық іс ретінде берілгенімен, істі азаматтық тәртіппен қарайтынын ескертті.

Сот отырысында Гүлжан Сәлімбаева өзінің шағымы негізінде Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімінен Еңбекші аудандық сотына жолданған бұл іске тікелей қатысты бар екінші шағымның бар екенін ескеріп, істі қарауды тоқтатуды сұрады. Судья бұл талапты ашық қалдырды.

Жарты сағатқа созылған сот отырысы 29 маусым күні жалғасатын болды.

XS
SM
MD
LG