Ирак пен Ауғанстанда қызмет еткен америкалық сарбаз Икэйки Канг "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобына көмек көрсетті деп айыпталды.
АҚШ Федералдық тергеу бюросының хабарлауынша, Гавай аралдарындағы 25-жаяу әскер дивизиясының 25-әскери авиация бригадасында қызмет еткен 34 жастағы сарбаз Икэйки Кангке қатысты тергеу жүріп жатқанына бір жылдан асқан. Канга 8 шілдеде қамауға алынған.
Қылмыстық іс материалдары бойынша, Канг ИМ-ге адал болуға ант берген. Федералдық тергеу бюросы Кангты сонымен қатар осы топқа әскери ақпарат берді деп айыптайды.
АҚШ билігі Канг жалғыз өзі әрекет етіп, АҚШ-қа қауіп төндіруі мүмкін адамдармен байланыс орнатпаған деп біледі. Канг армияға 2001 жылы желтоқсанда шақырылған. 2010 жылдың наурызынан бастап Иракта әскери қызметте болған, Ауғанстанда 2013 жылдың шілдесінен 2014 жылдың сәуіріне дейін болған.