Accessibility links

Сот Коррупциямен күрес қоры қызметкерінің Медведевке шағымын қабылдамады


Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі.
Дмитрий Медведев, Ресей премьер-министрі.

Мәскеудің Пресненск аудандық соты Алексей Навальныйдың Коррупциямен күрес қорының қызметкері Георгий Албуровтың премьер-министр Дмитрий Медведевтің үстінен түсірген шағымын қабылдамай тастады деп хабарлады РБК агенттігі. Бас тарту туралы түсіндірмеде шағымды әкімшілік сот өндірісінде қабылдауға болмайтыны айтылған.

Албуров Twitter-де соттың арызын қабылдаудан бас тартқанына шағымданатынын айтты.

Албуров 22 маусымда түсірген шағымына Медведев өзін Twitter-де бұғаттап тастағаны түрткі болған. Қор заңгерінің пікірінше, Медведевтің микроблогы ресми ақпарат көзі саналады, себебі Ресей үкіметінің ресми сайтында оған сілтеме берілген. Коррупциямен күрес қоры Медведев Албуровты өзінің Twitter-де жазғандарын оқу мүмкіндігінен айырып, министрлер кабинетінің жұмысы ашық болуы тиіс деген принципті бұзып отыр.

Биыл наурызда Коррупциямен күрес қоры МедведеСот Коррупциямен күрес қорывтің иелігінде делінген жылжымайтын мүлік туралы зерттеуін жариялаған. Медведев бұған дейін микроблогында Навальный мен Албуровтың жазбаларын жауып тастаған. Премьер-министр Коррупциямен күрес қорының зерттеуін "саяси алаяқтардың жалған өнімі" деп атаған.

XS
SM
MD
LG