Accessibility links

Алматыда Рамазан Есіргеповті полиция ұстады


Құқық қорғаушы, журналист Рамазан Есіргепов Алматы қалалық сотының алдында тұр. 31 шілде 2017 жыл.
Құқық қорғаушы, журналист Рамазан Есіргепов Алматы қалалық сотының алдында тұр. 31 шілде 2017 жыл.

Алматыда бүгін қалалық сот ғимаратында құқық қорғаушы әрі журналист Рамазан Есіргепов ұсталды. Есіргеповтің Азаттық тілшісіне телефонмен хабарлауынша, мұнда ол Медеу аудандық сотының ұйғарымына берген апелляциялық шағымының қаралуын күтіп жүрген.

Есіргепов 12 мамырда Медеу аудандық сотына президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, бас прокурор Жақып Асанов, сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың үстінен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 2016 жылдың наурызында өзінің пайдасына шығарған шешімін орындату бойынша азаматтық шағым түсірген.

Есіргепов ұсталған кезінде қан қысымы күрт көтеріліп кеткен. Жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер оның қан қысымы көтерілгенін анықтаған. Бірақ соған қарамастан оны Алмалы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген.

Есіргепов полицейлер қазір өзіне 29 шілдеде Батыс елдері мен Еуропа Одағына және бірқатар халықаралық ұйымдарға хат жолдап, марш ұйымдастырған кезде "заң бұзғаны туралы" хаттама толтыруға тырысып жатқанын айтты. Хатта белсенділер Батыс елдері мен ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдарды қамалған азаматтық және қоғамдық белсенділердің істеріне, Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайына назар аударуға шақырған.

Рамазан Есіргепов пен белсенді Жазира Тоғанбаеваның айтуынша, осы маршқа қатысқан Халелхан Ыбырайымұлы бүгін бес тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG