Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылының тұрғындары балаларын мектепке апаратын автобустардың жетпейтінін, ауыл жолының нашарлығын айтып шағымданады. Қоянды ауылы - Астана іргесіндегі жылдам өсіп келе жатқан елдімекендердің бірі. Қазірдің өзінде ауылда 25 мың адам бар.