Accessibility links

Ақтөбе әкімдігі: 13 оқушы қызға орамалын шешкіздік


Фирдауси атындағы жалпы орта мектете сабақта отырған мектеп оқушылары. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Фердауси ауылы, 14 қыркүйек 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Фирдауси атындағы жалпы орта мектете сабақта отырған мектеп оқушылары. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Фердауси ауылы, 14 қыркүйек 2017 жыл (Көрнекі сурет).

"Ақтөбеде қыркүйек айы туғалы бері 13 оқушы қыз орамалын шешті, мектеп формасын ұстануға қатысты жұмыстар нәтиже бере бастады" деп хабарлайды Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, Ақтөбедегі орта білім беретін мектептерге жаңа оқу жылында 170 оқушы қыз орамал тағып келген.

"Мектеп формасын сақтау қажеттілігі туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектеп басшылары мен сынып жетекшілері осы мәселе бойынша ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыс әлі де жалғаса береді" дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық дін істері департаментінің басшысы Жолдас Қалмағамбетовтің дерегінше, Ақтөбе облысындағы орта білім беретін мектептерге жалпы саны 370 оқушы орамал тартып келіп жүр.

Білім және ғылым министрлігі былтырғы оқу жылының ортасында мектепте қандай да бір дінді насихаттайтын киім киюге тыйым салатын қаулы шығарған. Биыл оқу жылында Ақтөбе, Жаңаөзен мен Шалқар қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтарал қалаларында бұйрыққа сүйенген мектеп басшылары орамал таққан оқушы қыздарды мектепте кіргізбей жатыр.

XS
SM
MD
LG