Accessibility links

Назарбаева әскери телеарна ашуды ұсынды


Дариға Назарбаева, парламент сенатының халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің жетекшісі.
Дариға Назарбаева, парламент сенатының халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің жетекшісі.

Ұлттық қорғаныс университетіне барған Қазақстан президентінің қызы әрі парламент сенатының халықаралық қатынастар, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің жетекшісі Дариға Назарбаева әскери қызметті насихаттайтын арнайы телеарна ашуды ұсынды. Бұл жайында жергілікті informburo.kz сайты сенат баспасөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның нақты қандай болатынын сенаттың баспасөз қызметі нақтыламады. Назарбаева ұсынысын әскерилерді оқыту сапасына арналған жиында айтқан. Ол Қорғаныс ұлттық университетінде шетелдік тыңдаушыларды ақылы түрде дайындауды да ұсынған.

Оқи отырыңыз: Назарбаеваның тұрақтылығы мен "бақыты"

Былтыр қарашада Назарбаева "бейбіт, тұрақты билігі, тұрақты саясаты бар, болашақ өмірімізді алдын ала көп жылдар бұрын болжауға болатын елде тұрып жатырмыз" деп мәлімдеген. Сол кезде қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Назарбаеваны бірінші дәрежелі "Ел қорғаны" медалімен марапаттаған. Ол медаль 2017 жылдан бастап "әскери қызметі үшін көзге түскендерге" беріледі.

Көре отырыңыз: Депутаттар Назарбаеваның тікұшақ туралы ұсынысына қатысты не ойлайды?

Назарбаеваның ұсынысына не дейсіз?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:18 0:00

XS
SM
MD
LG