Дариға Назарбаева: Орыс тілін ешкім жойған жоқ
Парламент сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың атына орыс тілінде депутаттық сауал жолдады. Ал бірнеше күн бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "қазақ тілінің мәртебесін көтеру жұмыстарын" жалғастыру керектігін мәлімдеп, "Үкімет пен парламент қазақша сөйлеу керек" деген.