Accessibility links

Қырғызстанда әйелдерге өз бетімен қажылыққа баруға рұқсат берілді


Қажылыққа барған қырғызстандық әйелдер (Көрнекі сурет).
Қажылыққа барған қырғызстандық әйелдер (Көрнекі сурет).

Қырғызстанда биыл бірінші рет тұрмысқа шықпаған қыздар, баласыз әйелдер және жесір келіншектер қажылыққа өз еркімен бара алады. Бұл жөнінде Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Жолдош Абдылдаев мәлімдеді.

"Әйелдердің өтініші бойынша биыл тұрмысқа шықпаған, бала тумаған және жесір 20 әйел бірінші рет қажылыққа барғалы отыр" деді Абдылдаев.

Соңғы кезде Қырғызстанда Меккеге қажылыққа барғысы келетін әйелдер саны артқан. Олардың жасы шамамен 35-60 жас аралығында. Бұған дейін әйелдер тек ер азаматтармен немесе туыстарымен бірге ғана бойынша қажылыққа баратын.

Биыл Сауд Арабиясы Қырғызстанға биыл қажылыққа 5400 квота бөлген. Былтыр 4760 квота бөлінген. Мұсылман өтейтін бес парыздарының бірі - үлкен қажылық биыл тамыз айына сәйкес келіп тұр. Қажылыққа шілде айында жолға шыға бастайды.

XS
SM
MD
LG