Accessibility links

FBI агенттері Трамп адвокатының кеңсесін тінтті


Майкл Коэн, АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке адвокаты.
Майкл Коэн, АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке адвокаты.

АҚШ Федералдық тергеу бюросының (FBI) агенттері президент Дональд Трамптың жеке адвокаты Майкл Коэннің Нью-Йорктегі кеңсесін тінтті. BBC-дің хабарлауынша, агенттер тінтуді арнайы прокурор Роберт Мюллердің өкімі бойынша жүргізген. Мюллер Ресейдің АҚШ-тағы 2016 жылғы президент сайлауына ықтимал килігуін тергейді.

Тінтуден соң Майкл Коэн тінту кезінде өзінің клиенттері арасындағы хат-хабар жазбалары тәркіленгенін мәлімдеді.

Майкл Коэн 2016 жылы президент сайлауына бірнеше күн қалғанда порноактриса Сторми Даниэлске 130 мың доллар төлегенін мойындаған соң дауға қалған. Даниэлске ақша оның кезінде "Дональд Трамппен байланысы болғанын" жарияламауы үшін төленген.

XS
SM
MD
LG