Accessibility links

Демонстранттар Ереван мэрінің отставкаға кетуін талап етіп жатыр


Бір топ демонстрант Ереван мэриясына кіреберісті жауып отыр. Армения, 25 маусым 2018 жыл.
Бір топ демонстрант Ереван мэриясына кіреберісті жауып отыр. Армения, 25 маусым 2018 жыл.

Ереванда демонстранттар қала мэрі Тарон Маркаряннің отставкаға кетуін талап етіп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Армян редакциясы (Радио Азатутюн).

Қарсылыққа кеше кешке жария болған зерттеу видеосы себеп болып отыр. Зерттеуді премьер-министрдің көмекшісі Арен Мкртчян бастатқан.

Жария болған материалдар бойынша, "өмір бойы мемлекеттік қызмет атқарған Тарон Мкртчян мол байлық жинаған".

"Кеше видео жарияланды, онда барлық қылмысты тізіп шыққан. Жұрттың әлденені естіп, қорытынды түйгені бір басқа, ал видео таралғаны және оны лауазымды тұлға дайындағаны бір басқа. Біз бұған сенеміз. Біз қазір Тарон Мкртчяннің отставкаға кетуін талап етіп тұрмыз" деді демонстранттардың бірі.

Жарияланып кеткен видео азаматтардың наразылығын тудырды. Наразылар Ереван мэрінің ғимараты ендігі "қылмыс орнына" айналып кетті және онымен құқық қорғау органдарының өкілдері ғана айналыса алады деп біледі.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG