Accessibility links

Интерпол басшысы Мэн Хунвэй отставкаға кетті


Мэн Хунвэйдің Интерпол басшысы болып тұрған кезі. Белград, 11 қыркүйек 2018 жыл.
Мэн Хунвэйдің Интерпол басшысы болып тұрған кезі. Белград, 11 қыркүйек 2018 жыл.

Интерполдың Лиондағы бас хатшылығына президент Мэн Хунвэйден 7 қазан күні отставкаға кету туралы өтініші түсті.

Интерпол басшысының міндетін вице-президент Ким Чон Ян уақытша атқарады. Жаңа президент Интерпол бас ассамблеясының 18-21 қараша күндері Дубайда өтетін сессиясында сайланады.

Бұған дейін Қытай билігінің қыркүйектің соңында жоғалып кеткен Мэн Хунвэйді ұстағанын растағаны хабарланған. Мэн Хунвэйдің отбасы Интерполдың штаб-пәтері орналасқан Лионда тұрады. Қытай билігінің мәлімдеуінше, Хунвэй "қылмыс жасады" деген күдікке ілінген. Интерпол басшысы 25 қыркүйекте Қытайға ұшып барғанында қамауға алынған.

Мэн Хуйвэйдің әйелі күйеуімен байланыс үзілерден бірнеше минут бұрын оның телефонынан "Қоңырауымды күт" деген хабарлама, сосын пышақ бейнеленген эмоджи келгенін айтқан. Бұдан соң күйеуімен байланыс үзілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG