Accessibility links

Bloomberg: АҚШ Конгресі Ресейге жыл соңына дейін санкция сала алмайды


АҚШ Конгресі ғимараты (Көрнекі сурет).
АҚШ Конгресі ғимараты (Көрнекі сурет).

АҚШ Конгресі жыл соңына дейін Ресейге жаңа санкция салып үлгере алмауы мүмкін. Бұл туралы осы жайтқа қатысы бар сенаторларға сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі хабарлады.

Сенаторлардың айтуынша, конгресмендер ең алдымен мемлекеттік құрылымдарды қаржыландыру, судья қызметіне кандидаттарды қарау және фермерлік қызмет туралы заң жобасын дайындаумен айналысады. Сонымен қатар, конгресмендер желтоқсанның соңына дейін ескі құраммен жұмыс істейді. Жаңа сайланған конгресмендер қызметіне келесі жылдан бастап қана кіріседі.

Қазірге дейін Конгреске Ресейге қарсы ауқымды шектеу шараларын қолдану жөніндегі екі заң жобасы түскен. Олардың бірінде АҚШ-тағы сайлауға килігу әрекетіне жауап ретінде ресейлік ірі банктері мен энергетикалық компаниялардың активтерін бұғаттау және америкалықтардың Ресей қарызын сатып алуына тыйым салу қарастырылған.

Санкция туралы тағы бір заң жобасы тамыз айында дайындалған. Онда Ресейдің энергетика мен қаржы салаларына қарсы шаралар қолдану және дербес қарызымен операция жасауға шектеу қою қаралған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG