Францияда жанармай бағасын көтеруге жаппай наразылық акциясы кезінде жарты жүзге жуық адам зардап шеккен. Француз басылымдары жарақат алған үш адамның жағдайы ауыр деп хабарлады. Наразылық акцияларына 120 мыңнан астам адам қатысқан, бүкіл ел көлемінде екі мыңнан аса акция өткізу жоспарланған.
Наразылық шеруіне қатысушылар үстіне арнайы жилет киіп, жолды жауып, көлік қозғалысын тоқтатқан.
Сенбі күні полиция 24 адамды тұтқындаған, тағы 17 адамды жауап алу үшін ұстаған. Полиция ұсталғандар наразылық акциясы кезінде құқық қызметкерлеріне бағынудан бас тартқан, бүлік шығаруға және жолға бөгет орнатуға тырысқан деп түсіндірген.
Франция билігінің 2019 жылы дизель отыны мен бензинге салық мөлшерін көбейту туралы шешімі тұрғындардың қарсылығын туғызды. Париж ауаны ластауға қарсы күрес мақсатында қабылдаған шешімнен бас тартпайтынын мәлімдеген.
ПІКІРЛЕР