Accessibility links

Ресейде ұсталған қазақстандықты қамау мерзімі ұзарды


Виктор Филинков, Ресейде ұсталған Қазақстан азаматы
Виктор Филинков, Ресейде ұсталған Қазақстан азаматы

Санкт-Петербург соты "Сети" ісі бойынша айыпталған қазақстандық Виктор Филинковты қамау мерзімін 2019 жылдың 22 қаңтарына дейін ұзартты. Бұл туралы Азаттықтың Орыс редакциясы хабарлады.

Қамау мерзімін ұзартуды тергеу комитеті мен прокуратура сұраған.

Қарашаның басында қоғамдық бақылау комиссиясы этаппен алып жүру кезінде жартылай аяқ-қолы істемей қалған Филинковке Петербургтегі абақтыда қажетті дәрі-дәрмек бермей отырғанын хабарлаған.

Ресей президенті Владимир Путин Адам құқығы жөніндегі кеңес жиынында "Сети" және "Новая величия" істері туралы өзіне айтпағанын, енді айналысатынын мәлімдеген.

2017 жылы күзде Пензада фашизмге қарсы алты адам, 2018 жылдың басында Санкт-Петербургте тағы екі адам қамалған. Олардың арасында Қазақстан азаматы, Петропавлда туған 24 жастағы Виктор Филинков та бар. Оған Ресей Қылмыстық кодексінің 205.4-бабы 2-бөлімі (“террорлық қауымдастыққа қатысу”) бойынша айып тағылып отыр.

Тергеу болжамынша, белсенділер "терроризмді насихаттап, қолдауды" мақсат еткен әлдебір топ құрған. "Сеть" ісі бойынша айыпталған Виктор Филинков пен өзге белсенділер тергеу кезінде өздерін қинап, қысым жасағанын мәлімдеген. Ресей билігі бұл айыпты жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG