Түркияда Анкарадан Конья қаласына бет алған жүрдек пойыз апатқа ұшырап, кем дегенде тоғыз адам қаза тапты, 47 адам жараланды.
Анкара губернаторы Васип Сахиннің хабарлауынша, жүрдек пойыз 13 желтоқсан күні таңертең Анкараның батысындағы Марсандиз станциясында бірдей рельсте маневр жасап келе жатқан локомотивпен соқтығысқан. Жараланғандардың үшеуінің жағдайы ауыр. Пойыздың локомотивті қандай жылдамдықпен келіп соққаны әзірге белгісіз.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, апаттан екі вагон рельстен шығып кетіп, жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі қираған.
ПІКІРЛЕР