Accessibility links

ХҒС экипажы Жерге оралды


Халықаралық ғарыш станциясының үш экипаж мүшесі "Союз МС-90" кемесінің капсуласымен Жерге оралған сәті. Жезқазған, 20 желтоқсан 2018 жыл.
Халықаралық ғарыш станциясының үш экипаж мүшесі "Союз МС-90" кемесінің капсуласымен Жерге оралған сәті. Жезқазған, 20 желтоқсан 2018 жыл.

20 желтоқсан күні "Союз МС-09" ғарыш кемесінің капсуласы үш астронавтымен бірге Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым қашыққа қонды. Капсуламен Халықаралық ғарыш станциясының үш экипаж мүшесі - ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев, америкалық астронавт Серена Ауньон-Чэнселлер және германиялық астронавт Александр Герст Жерге оралды. Олар ғарыш станциясында 197 күн болып, түрлі зерттеулер жүргізді.

Прокопьев Жерге арнайы оқшаулағыш контейнерлерді алып келді. Оларда ашық ғарышқа шыққан кезде "Союз МС-09" кемесінен алынған кеменің микрометероиттық сынамалары бар. Сынамалар Федералдық қауіпсіздік қызметінің зертханасына химиялық талдау жасауға беріледі.

Халықаралық ғарыш станциясында ауа кіретін саңылау бары 30 тамызда анықталған. Ғарыш станциясымен түйіскен "Союз МС-09" кемесінде қысым азая бастаған, ал кеменің борт жақтағы бөлігінде шамамен бір жарым миллиметрлік жарықшақ бары байқалған. Сол күні ресейлік ғарышкерлер Ресейдегі Ұшуды басқару орталығының тапсырмасымен жарықшақты бітеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG