Тәжікстанның оңтүстігінде Ресейдің Магнитогорск қаласында болған апаттан қаза тапқан тәжік отбасы жерленген. 7 қаңтарда 24 жастағы Раджамбо Исоева мен оның үш баласы Малик Гиёев атындағы ауылға жерленген. Жерлеу рәсіміне қатысқан жүзден астам адам арасында жергілікті билік өкілдері де болған. Қаза тапқандардың сүйектері елге 6 қаңтарда кешке жеткізілген.
Ресейдегі ауруханада жатқан Исоеваның күйеуі Шухрат Улфатов әлі есін жимаған.
Қарай отырыңыз: Магнитогорскідегі апат (3 қаңтар 2019 жыл)
31 желтоқсанда Магнитогорск қаласындағы он қабатты үйде газ жарылып, бір подъезд қираған. 39 адам қаза тапқан. 3 қаңтарда Ресейдің ресми органдары жарылыстың газ шығуынан туындағанын айтты. Магнитогорскіде 7 қаңтарда апатта қаза тапқан азаматтардың соңғыларын жерлеген.
ПІКІРЛЕР