Accessibility links

Дума "ресейлік интернет" туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады


Ресейдің интернет желісі. Көрнекі сурет
Ресейдің интернет желісі. Көрнекі сурет

Ресей мемлекеттік думасы сенатор Андрей Клишастың ресейлік интернет сегментін оқшаулау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Автордың сөзінше, жоба бүкіләлемдік интернет ажырап қалған жағдайда Ресей интернетінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Жобаны 334 депутат қолдаған және олардың бәрі - "Единая Россия" партиясының мүшесі. Қарсы дауыс берген 47 депутат - өзге фракциялардың өкілі. Бұған дейін заң жобасын үкімет те қолдаған.

Заң жобасында мына мәселелер қарастырылған:

  • Ресейлік қолданушылар өзара алмасқан деректердің шетелдерге берілу мүмкіндігін азайту.
  • Операторлар қауіп туындаған жағдайда трафикті орталықтан басқаруға қамтамасыз етуі тиіс.
  • Тыйым салынған ақпараты бар ресурстарға кіруге шектеу қою үшін трафик көзін анықтайтын құрылғыларды техникалық жабдықтар мен желілерге орнатуға мүмкіндік жасау.
  • Ресейлік операторларды шетелдің түпкі серверлеріне қосылуы қиындаған жағдайда ресейлік интернет-ресурстардың жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру.
  • Ресейлік желі сегментінің жұмыс қабілетін қалпына келтіру және қауіпті анықтайтын шараларды пысықтау үшін билік органдарын, байланыс операторларын мен технологиялық желі иелерін жиі оқу-жаттығу жүргізуге міндеттеу.

Заң авторлары жобаны "2018 жылдың қыркүйегінде қабылданған АҚШ-тың агрессиялық сипаттағы ұлттық киберқауіпсіздік стратегиясына қарсы әзірлегендерін" айтқан.

АҚШ стратегиясында "Ресей, Иран, Солтүстік Корея біздің одақтастарымыз бен серіктестерімізге, америкалық және халықаралық компанияларға нұқсан келтіретін бірнеше кибершабуыл жасады әрі болашақта кибершабуылға тосқауыл болатындай жауапқа тартылмады" деп жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG