Қытайдың ішкі құпиясы
Қытай билігі сепаратизмнен қауіптеніп, Шыңжаңдағы этникалық азшылық өкілдері: қазақтар, ұйғырлар, қырғыздар мен моңғолдарға қысым көрсетіп отыр. "Этникалық гармония" мен "бір отбасы" доктринасын алға тартқан билік оларды ана тілі мен дәстүрлі дінінен ажыратқысы келеді. Қазақстанмен байланысы бар адамдарды "саяси тәрбиелеуге" жібереді. Лагерьде оларға Қытай компартиясы туралы дәріс оқып, патриоттық ән шырқауға және тек қытай тілінде сөйлеуге мәжбүрлейді. Қазақстандағы туыстары айлап хабар ала алмай отырған Шыңжаңдағы жақындарының тағдырына алаңдайды. Азаттық тілшілері Константин Саломатин мен Юлия Вишневецкаяның фильмінде Қытайдың "тәрбие лагерін" көргендер мен туыстары жан күйзелісімен бөліседі.
ПІКІРЛЕР