22 наурызда Шымкентте Дендросаябаққа Наурыз мерекесіне келген төрт адамды полиция алып кетті. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.
Полиция "олар күдік тудырды" деп, жеке басын анықтау үшін қаладағы Қаратау аудандық полиция бөлімшесіне алып кетті. Ұсталғандардың бірі "ешқайда бармайтынын айтып" қарсылық білдірді. Саябақтың алдында күзет күшейген, ондаған полиция қызметкері жүр.
Наурыз мерекесінде Алматы мен Астанада да ондаған адамды полиция ұстады. Астанадағы оқиғаны түсіруге барған Азаттық тілшілеріне белгісіз адамдар кедергі келтірді.
ПІКІРЛЕР