Accessibility links

Ұлыбритания парламенті Мэйдің Еуроодақтан шығу жоспарын үшінші рет қолдамады


Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй қауымдар палатасында сөйлеп тұр. Лондон, 29 наурыз 2019
Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй қауымдар палатасында сөйлеп тұр. Лондон, 29 наурыз 2019

Наурыздың 29-ы күні Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан шығу туралы келісімді мақұлдамады. Бұл - премьер-министр Тереза Мэйдің ұсынған үшінші жоспары. Парламент одан үшінші рет бас тартып отыр. Оған 344 депутат - қарсы, 286 депутат қолдап дауыс берген.

Дауыс беру аяқталған соң Тереза Мэй депутаттардың бұл шешімінің "күрделі салдары" болады деп мәлімдеді.

Енді Ұлыбритания 12-сәуірге дейін Еуроодақ басшылығына одақтан шығу жоспары туралы нақты қадамдарын айтуы тиіс. Мемлекет не Брекзиттен бас тартуы керек немесе Еуроодақтан шешім қабылдау үшін көбірек уақыт сұрауы тиіс немесе одақтан қандай да бір келісім жасамай-ақ шығуы тиіс деп жазды Associated Press агенттігі.

Британ парламентінің депутаттары 1-сәуірге дейін Брекзиттің түрлі нұсқалары бойынша тағы да дауыс береді. Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск кеңестің Брекзитке арналған отырысы Брюссельде 10-сәуірде өтетінін хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG