Шешенстан үкіметі мемлекеттік сатып алулар сайтында республика басшысы Рамзан Қадыров резиденциясының аумағын тазалау келісім-шартын жариялады. Шартта бастапқы баға 34,88 миллион рубль (535 мың доллар) деп көрсетілген. Бұл туралы "МБХ медиа" сайты жазды.
Орындаушы осы ақшаға жыл соңына дейін шөпті қырқып, суарып, арамшөптерді жұлып, арнаулы көлікпен тазалауға келмейтін аумақты қолмен сыпыруы керек.
Былтыр желтоқсанда Қадыров резиденциясының өзін тазалау үшін құны 51 миллион рубль (782 мың доллар) болатын келісім-шарт жарияланған. Бірақ кейін тендерге ешкімнің қатыспағаны хабарланды.
Қадыров резиденциясының ғимараты Санкт-Петербургтегі Қысқы сарайдан да үлкен. Ауданы - 64 мың шаршы метр. "Новая газета" басылымының жазуынша, резиденция маңындағы аумақты қоса алғанда нысан ауданы 260 мың шаршы метрге жетеді. Басылым резиденция құрылысын 10 млрд рубльге (153,3 миллион доллар) бағалаған.
ПІКІРЛЕР