20 маусымда Ақмола облысының Родина ауылында Ан-2 ұшағы құлап, бір адам қаза тапты. Екі адам ауруханаға түскен. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.
"Ан-2 ұшағы 10.00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан он шақырым жерде егістікті химиялық өңдеу кезінде құлады. Апаттан ұшқыш қаза тауып, екі экипаж мүшесі жарақатып, күйіп аурухаға түсті" деді комитет өкілі.
Апат себебі анықталып жатыр. Родина ауылы Нұр-Сұлтан қаласынан 70 шақырым жерде жатыр.
Биыл сәуірде Қарағанды облысында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапқан.
ПІКІРЛЕР