Accessibility links

Эр-Рияд вирусқа байланысты 7 елге виза беруді доғарды. Арасында Қазақстан да бар


Қағба маңы. Мекке, 27 ақпан 2020 жыл.
Қағба маңы. Мекке, 27 ақпан 2020 жыл.

Сауд Арабиясының туризм министрлігі 28 ақпанда Қытай, Италия, Оңтүстік Корея, Жапония, Малайзия, Сингапур және Қазақстан азаматтарына электронды түрде туристік виза беруді тоқтатты. Қазақстаннан басқа алтауында коронавирус табылған. Бұл тізімге Қазақстанның ену себебі белгісіз. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әзірге түсініктеме бермеді.

Сауд Арабияның туризм министрлігінің хабарлауынша, уақытша шара коронавирус таралуын тоқтату үшін жасалған. Бұған дейін берілген визалардың күші жойылмақ.

"Тізімге енген мемлекет азаматтары Сауд Арабиясы әуежайына келген кезде де туристік виза ала алмайды" делінген министрлік хабарламада.

Ресми дерек бойынша, Сауд Арабиясында коронавирус табылмаған. Алайда вирус Таяу Шығыс елдерінде, оның ішінде Иранда жылдам тарап барады. Соңғы дерек бойынша, мұнда COVID-19 вирусынан 26 адам көз жұмған.

Иранда мінәжат етушілер көп баратын Кум қаласында да коронавирус табылған. Бұл жаққа құлшылық жасау үшін келгендер әдетте діни орындарды ұстап, ернін тигізеді.

27 ақпанда Сауд Арабиясы жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адам қажылық сапар жасайтын Мекке мен Мәдинаға ұшатын рейстерді тоқтатты.

Эр-Риядтың айтуынша, тізімге енбеген мемлекет азаматтарына туристік виза беріледі, бірақ мұсылмандар киелі санайтын қалалар мен мешіттерге баруға шектеу қойылған.

Оқи отырыңыз: Diamond Princess кемесіндегі қырғыз азаматынан коронавирус табылды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG