Accessibility links

"Роснефть" басшысы мұнай бағасының тез арада қалпына келетінін айтты


"Роснефть" мұнай компаниясының атқарушы директоры Игорь Сечин.
"Роснефть" мұнай компаниясының атқарушы директоры Игорь Сечин.

Ресейлік "Роснефть" ірі мұнай компаниясының басшысы Сауд Арабиясымен арадағы келіспеушіліктің маңызын төмендетіп, "[АҚШ-тың] тақтатас мұнайы біткеннен кейін" нарықта мұнай бағасы тез арада қалпына келеді деп мәлімдеді. Наурыз айының басында Мәскеу мен Эр-Рияд шикізат өндірісін азайту туралы келісе алмағаннан кейін халықаралық нарықта мұнай бағасы күрт арзандаған еді.

"Роснефть" компаниясының атқарушы директоры Игорь Сечин Ресейдің мемлекеттік арнасына берген сұхбатында халықаралық мұнай нарығында ОПЕК-тің рөлі азайды, себебі АҚШ, Бразилия, Норвегия, Мексика сияқты елдер шикізат өндірісін көбейтіп жатыр деп айтқан. "Өзге өндірушілер көбейтіп жатса, қысқартқаннан не пайда бар?" деді.

Шамамен екі апта бұрын Венада ОПЕК+ тобы әлемде коронавирустың тарауына байланысты сұраныс кеміген шақта мұнай бағасын ұстап тұру үшін өндірісті азайту туралы келіссөз жүргізген. Бірақ Кремль өндірісті ОПЕК ұсынған көлемде азайтуға келіспеді.

Ақпарат бойынша, мұндай шешімді Ресей президенті Владимир Путиннің жақын досы Игорь Сечин қабылдаған. Ресей - құрамында 14 мүшесі бар ОПЕК+ тобының негізгі мүшелерінің бірі. Бұл ұйымға АҚШ кірмейді.

Венадағы келіспеушіліктен кейін Сауд Арабиясы Азия үшін мұнай бағасын барреліне үш-төрт долларға, АҚШ үшін жеті долларға дейін түсіріп жіберді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG