"Ашпыз!". Шымкенттіктер мен қызылордалықтар биліктен көмек жоқтығына шағынды
Қызылордада оннан астам адам облыстық әкімдік алдына жиналып, әлеуметтік мәселелеріне шағымданды. Азық-түлік таппай қиналып отырғандарын айтты. Аты-жөнін айтпаған әкімдік өкілі жиналғандарға "мәселелеріңіз қаралып жатыр, тараңыздар, қылмыстық жауапкершілікке тартылуларыңыз мүмкін" деп ескертті. Ал Шымкентте 70-тен астам әйел азық-түлік талап етіп, әкімдікке жиналды. Әкімдік өкілі "қалада 30 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасының тізімі жасалған, қоймада бар азық-түлік қоры тек 2 мың отбасын қамтамасыз етуге жетеді" дейді.
ПІКІРЛЕР