Accessibility links

Қазақстанда интернеттің әлсіздігіне байланысты онлайн сабақ болмайды


Асхат Аймағамбетов, Қазақстан білім және ғылым министрі.
Асхат Аймағамбетов, Қазақстан білім және ғылым министрі.

Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі интернеттің онлайн сабақ өткізуге мүмкіндігі жетпейтінін мойындады. Осылайша Қазақстанда оқушылар сабақты онлайн емес, қашықтан оқиды.

“Бүкіл елді онлайн-стриминг арқылы қосу мүмкін емес екенін көзіміз жетті. Интернеттегі шешілмеген мәселелер барда онлайн сабақ өткізу тиімсіз. Көп ата-ана интернетке қосыла алмады. Байланыс үзіліп кетті. Қазақстандағы интернет 2,5 миллион баланы онлайн оқытқанға қауқарсыз екенін көрдік. Сондықтан онлайн сабақ өткізудің қажеті жоқ деп ойлаймыз. Онлайн сабақ болмайды, оның орнына басқа механизмдерді пайдаланамыз” деді Аймағамбетов.

Қазақстандық оқушылар 6 сәуірден бастап телеарналар арқылы, “Күнделік”, “Білімленд”, “Дарын онлайн” платформалары арқылы оқи бастайды. Кейбір елдімекендерге оқу құралдарын “Қазпошта” жеткізбек. Бейнесабақтар "Балапан", "Ел арна", "Алматы" телеарналары арқылы көрсетілмек. "Қазақ радиосынан" да сабақтар жүреді.

Қазақстанда коронавирус тарауына байланысты мектеп оқушылары ертерек каникулға шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG