Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің немересі Керімгулы парламент шешімімен "Түркімен Алтын асыры" атты президент сыйлығын алды. Бұл туралы "Түркіменпортал" сайты хабарлады. Бұл сыйлықтың конкурсына әдебиет, мәдениет, өнер қайтаркерлеріне, жас әншілер мен дарынды балалар қатысады.
Керімгулы Бердімұхамедов "жаңа туындыларымен ұлттық өнерді байытып, мерекелік шараларды тамаша өнер көрсеткені үшін" алтын алқа және 3500 манат (1000 доллар) алды.
Сыйлық жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында "шығармашылық саласындағы талантты жұмысшыларды анықтау" үшін беріледі.
Керімғұлы – президенттің ең танымал немересі. Ол атасының өлеңдеріне музыка жазады. Ол бірнеше рет атасымен бірге түрлі шараларда концерт қойған. 2019 жылы желтоқсанда екеуі "Қарақұм" әнін таныстырған. Былтыр сәуірде Ақалтеке күнінде президент Бердімұхамедов немересінің музыкасына жазған әнді орындаған.
Видео: Халық аш, ал "Арқадағ" егіс алқабынан алғыс жинап жүр
ПІКІРЛЕР